Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Президент: Алматыда шабул жасаған бандиттер командасын "Қазақстан" қонақ үйіне орналастырған

Президент: Алматыда шабул жасаған бандиттер  командасын "Қазақстан" қонақ үйіне орналастырған
ашық дереккөз

Алматыға шабуылдаған бандиттік топтың ішінде есірткі шегіп алғандар болған.

Сөйтіп, олар жараланған кезде қатты ауырсынбаған. Мұны арнамызға сұхбат берген кезінде Мемлекет басшысы айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев «шабуылдағандар арасында ақпараттық технологияларды жетік меңгергендер болған» деді.

Тіпті бандиттердің кейбірі бес жұлдызды қонақүйде тұрған.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Қызықты дерек. Бандиттік топтың бірі Алматыда бес жұлдызды қонақ үйде тұрған. Оларға сонша ақшаны кім төледі. Кім қаржыландырды? Сөйтіп, әлгі топ «Қазақстан» қонақ үйінің бірінші қабатына өздерінің командалық штабын орналастырған. Қазір тергеу жүріп жатыр. Бәрі анықталады. 

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар