Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

2022 жылға арналған қытай жұлдызнамасының әр белгіге сай жорамалы

2022 жылға арналған қытай жұлдызнамасының әр белгіге сай жорамалы
ашық дереккөз

2022 қытай жұлдынамасы бойынша Жолбарыс жылы. Жолбарыс өте сұсты, мықты, айбатты жануар болғандықтан оның мінезі төрт жыл мезгілі сияқты болмақ. Қысы қаңтарылған ашулы, көктемі өте белсенді әрі ойнақы, жазы еркін, күзі жемісті. Жолбарыстың мінезі қытай жұлдызнамасында өте құбылмалы саналады.

Сондықтан адамдардың өміріне де солай әсер етеді. Мысалы, оның түсі жолақты болғандықтан бұл жолы әрқайссымыздың өмірімізде жақсылық пен көңіл түсіретін дүниелер қатар немесе кезектесіп келіп отырады, деп жазды KYN.KZ.

Тышқандар:

Тышқандар өте кірпияз болабермеңіз. Махаббатқа адал болып, сыйластықта жауапты болыңыз. Сіздің адамдармен қарым-қатынасыңыз болашаққа салған инвестициямен тең. Жолбарыс жылында сізге тәуекелге барудың қажеті жоқ. Бұрын соңды істемеген шаруаға ұрынбаңыз, еселеп шығындануыңыз мүмкін. Сондықтан бұрыннан айналысып жүрген ісіңізді дамытыңыз, махаббатқа адал болыңыз. Ал жаңа достарға ылғида ашық болып, оларды өзіңізге баурап алуға тырысыңыз.

Сиыр

Сиыр жылы туғандар биыл жолыңыз болады. Махаббатта да кәсіп пен табыста да. Егер іс бастаймын десеңіз жеті ойлап бір кесіңіз. Себебі, бұл жылы сізге сұраныс көп. Тек ұтылып қалмаудың қамын ойлаңыз. Өз кәсібіңізді бастаймын десеңіз бар күшіңізді сонда салыңыз. Себебі бәріне үлгеріп, барлық істе оқ бойы озық шығу мүмкін емес. міндетті түрде бір зияны тиеді. Сиыр жылы туғандар биыл үйленсе отбасы өмірлік әрі бақытты болады.

Жолбарыс:

Жолбарыстар өз жылында күшіне еніп жаңа қырымен танылуға зор мүмкіндік алады. Биыл жолыңыз ашылып, жаңа істерде жетістіктер күтіп тұр. Қолыңыздан келетін істі бастап қаржылай жағдайыңызды жасап алуға мықты мүмкіндіктер болады. Алдағы уақытқа ұзақ мерзімді жоспар құрып, соған жылдамырақ жетудің алғашқы бастамаларына өте сәтті жыл. Бұрын соңды болмаған сәттілік болады. Үйленбегендер үйленіп, жеке өмірде бақыт табатын жыл.

Қоян:

Қояндар бұл жылы түрлі жағдайды бастан кешіреді. баршылық, жоқшылық екеуін де көресіз. бірақ сіздің шешендік өнеріңіз кез- келген көпірден құлатпай өткізеді. Тек өзіңізге сеніп, нық қадамға барсаңыз болғаны. Маңайыңызға сізді қолдауға үнемі даяр тұратындарды жинаңыз, себебі олардың қаржылай, моральдық көмегі қажет. Жоқшылықта қиналып қалмас үшін ақшалай қор жинаңыз әрі оны сақтаңыз.

Ұлу:

Ұлулар, жыл басында табысты боласыз. Бірақ, ол табысты үнемі солай оңай келебереді десеңіз қатты адасасыз. Судың да сұрауы бар дегенді есіңізден шығармаңыз. Табыс молайған тұста, ұзақ мерзімді табысты үнемі түсіп тұратын кәсіп жоспарлаңыз. Бұл жыл сіздің жалқаулығыңызды көтермейді. Жалқау болсаңыз түксіз, тасқа отырасыз. Әрекет етсеңіз берекелі, табысты олжалы болғалы тұрсыз. кейде адамдар қанша әрекет жасаса да берекесі болмай, бірі екіге өспей ұқсамай жатады. Сондықтан мүмкіндікті пайдалануға тырысыңыз.

Жылан:

Жыландар бұл жылы ойлағаны жүзеге асады. Спорттағы, ғылым мен білімдегі, зияткерліктегі жыландардың асығы алшасынан түспек. Жолбарыс сізді қолдамайды да, керісінше кесірін де тигізбейді. Жылан мен Жолбарыстың жолы екі бөлек. Сондықтан жыландар еркіндікте. Бірақ жеке өмірде аса бақытты емес сезімі жиі мазалайды. Сондықтан барыңызды бағалап, содан күш қуат алуға тырысыңыз

Жылқы:

Жылқылар көздеген жерден көк тиын шығармай қоймайды. Сіздің күш жігеріңіз мол. Бірақ сіздің айналыңызда адамдар бар. Біреу міндетті түрде ағаттық жібереді, ал ол нәтижеге әсер етпей қоймайды.  Бұл жылы ортақ істерден бойыңызды аулақ ұстап, өзіңізді дамытумен айналысқаныңыз жөн. Егер де басқа адаммен жұмыс істеуге тура келсе, көп нәтиже күтпеңіз. Сонда көңіліңіз де қалмайды. Жылқылар кітап оқып, өзін дамытып рухани өскісі келеді. Қолға алған істен ләззат ала отырып, жоспарыңызды толық жүзеге асыра аласыз.

Қой:

Қойлар қызу қанды. Өз дегеніңізді көздеп айналаңызбен, жақындарыңыздың арасында абыройсыз қалмаңыз. Үнемі ашу шақырып, біреудің мінін тізу өзіңізге проблема болады. Жұмыста тырыссаңыз жақсы жетістікке жетесіз. Ал әдеттегі мінезге салатын болсаңыз түксіз қаласыз. Махаббатта да барлығы мінезіңізге қарап отыр. Егер сүйген адамыңыз үшін сабырлы болып өзгермесеңіз араға үшінші адам кіреді. Олар бақытты болып, екі ортада барыңыздан айырылып, жалғыз бақытсыз болып шарқ ұрып жүрмеңіз. туыстарыңыз бен жақындарыңыздың кеңесіне құлақ асыңыз, әйтпеген жағдайда өміріңіз аяқасты үлкен өзгеріске ұшырайды.

Мешін:

Яғни маймылдар. Маймылдар өте зиялы, маңайын барлап, қарым-қатынасты есептеп отыратын ішкі таразылары жақсы жұмыс істейді. Сіздің ішкі есебіңіз орындалатын жыл. Білім алуда, жаңа бастама, жаңа достар мен жаңа орта тек сәттілік алып келеді. Сіз ортаны үйіріп өзіңізге бағындырып қоятын қасиетіңіз бар. Мінезі көңілді маймылдар елді қуанышқа, күлкіге кенелтсе, байсалдылар әдемі әңгімемен айналасын баурап алады.

Қораздар.

Жолбарыс жылы қораздар үшін оңды болады. Егер, нәтижелі, жеміс беретін жолды көре алсаңыз.Тек алдыңыздан келгенді шұқып, арқадан келгенді тепкілеу бұл жолы болмайды. Бақытқа жету үшін сабыр, үлкен еңбек керек.

Ит.

Иттер үшін Жолбарыс жылы көңіл-күйге байланып тұр. Көпшіліктің қолдауынан бас тартпаңыз. Жалғыздың шаңы шықпас деген сізге арналғандай. Көтеріңкі, жағымды мінезді ұстансаңыз маңайыңыздан соны аласыз. Егер қырсығып, шатақ шығарсаңыз жыл сізге нәтижесіз болады. Қиындықтар қаржылай болады. Жаңа баспаналы немесе көлікті боласыз.

Доңыз.

Доңыздар үшін өте жайлы жыл болмақ. Бар бастаманы ынталы, үнемі қызығушылықта атқарсаңыз сапалы дүние шығады. Сапалы дүниенің арқасы мол табыс. Молшылық жылын тиімді пайдаланып, ұтымды әрекет етіңіз. Ал махаббат сізде проблема емес. Маңайыңыз махаббатты өздері ұсынатын болады

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар