ШҚО-да аудан әкімі болған 34 жастағы депутаттың ұлына жұрт бірден шүйлікті
- автор kyn.kz
- 30 қаңтар, 2022
- 458
Өңір әкімі Даниал Ахметов Глубокое ауданының су жаңа әкімін халыққа таныстырып, жас басшының ерекше жетістіктері мен білімін тілге тиек етті. Обылс әкімінің мақтаулысы 34 жастағы Эльдар Тумашинов еді.
" Эльдар Лукбекович Тумашинов- ең жас әкімдердің бірі, оның жасы 34-те. Ол жас болғанымен басқарушылықта тәжірибесі бар, ұқыпты, алғыр маман. Соңғы жылдары "Ертіс" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясын басқарды. Ол компания әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын тұрақтандыру бағыты бойынша жұмыс істейді.
Біздің Глубокое ауданында аграрлық бағыт жақсы дамығандықтан жас әкімнің біліктілігі өнімді еңбек етуде керек-ақ. Жаңадан салынып жатқан зауыттар мен бой көтеріп жатқан нысандар құрлысы аяқталса өнімді дұрыс алудың тетіктері жұмыс істейтіндей білікті мамандардың араласуы қажет екені түсінікті",-деді Ахметов.
Жас әкім жайлы жаңа тағайындау БАҚ бетіне шығысымен жергілікті халық "жаста болса бас болу үшін әкең депутат болу керек", "Ахметов президенттің туысқандық, рулық топтардың бірін-бірі жетектеп, қызметке тартуды тоқтату керек" дегенін елемегені ме?" деген сынды түрлі сыни әңгімелер айтыла бастады. Оған себеп те жоқ емес. Жас әкімнің әкесі расында облыстық мәслихаттың депутаты.
Ол яғни Лукбек Тумашинов "ОблШығысЖол" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтайшыларының бірі. Бұл ЖШС еліміздегі маңызды әрі құнды жобаларды жиі ұтып алып отырады. Құрлыс саласындағы елге танымал бірнеше ірі жобаларды жасаған.