Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Нұрлан Албан: Құрметті депутаттар, қан жылаған халықтың көз жасы қашан тоқтайды?(видео)

Нұрлан Албан: Құрметті депутаттар, қан жылаған халықтың көз жасы қашан тоқтайды?(видео)
ашық дереккөз

Әнші Нұрлан Албан бүгінде ұйқысы қашып, зар жылаған қара халықтың көз жасына алаңдаулы екенін жеткізіп, депутаттарға сұрақ қойды. Әнші Қанды қаңтардың салдары қарапайым халықтың тынышын қашырғанын ескертті. Тіпті ол, шынайы жаңалықтарды ресми емес, әлеуметтік желіден көрген сенімді, шынайы екенін ашып айтты, деп жазды KYN.KZ.

Бүгінде халықпен бірге елдің мұңын жиі көтеретін болған әнші "Бұлай жалғаса беретін болса қандай жаңа Қазақстан құрылмақ?" деп күйінді.

Қаңтардағы қайғылы жағдайдан кейін қарапайым халық абақтыға жабылып, қатаң тергеуге алынған туыстарына алаңдаулы. Тіпті, кей азаматтар абайсызда оққа ұшқан бейбіт шеруші, бейбіт тұрғындардың өліміне кім жауапты екенін біле алмай дал.

Нұрлан Албан депутаттардан әліде болса шешілмеген жағдайларды ертерек шешіп, араласуды сұрады.

https://www.instagram.com/tv/CZxJgaLIAtc/?utm_medium=copy_link

"Қара халықтың мазасы қашып отырғанда, жаңа реформалардан не ғайбыл? Біріңіз қалмай жұмылыңыздаршы. Сіздердің бауырларыңыз ретінде өтініп сұраймын. Зар илеген аналар мен шерге толы әкелердің мәселесін бірінші орында шешіңіздерші",- деді Нұрлан Албан.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар