Басты жаңалықтар
Болат Назарбаевтың қоры "Қазақстан халқына" 1 млрд теңге аударды
- автор kyn.kz
- 11 ақпан, 2022
- 216
"Қазақстан халқына" қорының басшысы Болат Жәмішевтің есебіне сәйкес, 150 миллиард теңгеге дейін ақша түсуі керек.
Болат Назарбаевтың "Салиқалы Ұрпақ" қайырымдылық қоры "Қазақстан халқына" әлеуметтік қорына 1 миллард теңге аударды.
"Салиқалы Ұрпақ" қорының ұжымы мен басшылығының атынан қайғылы қаңтар айының құрбандарына көңіл айтамыз. Еліміз үшін осы қиын уақытта біз мемлекет басшысының айналасына бірігуге және Қазақстан халқына көмектесуге тиіспіз", - делінген қордың сайтындажарияланған ақпаратта.
"Салиқалы Ұрпақ" қоры өз жұмысын 2016 жылы бастады. Бес жыл ішінде білім беру, денсаулық сақтау, халықтың осал топтарын қолдау саласында 1 миллиард теңгеден астам сомаға қайырымдылық жобалары іске асырған.