Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Көлікті 4% жеңілдікпен алудың жолдары

Көлікті 4% жеңілдікпен алудың жолдары
ашық дереккөз

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз хатшысы Жанжігіт Омархан еліміздегі автонесиенің жаңа бағдарламасын таныстырды. Бұл несиенің қалай рәсімделетіні қазірге толық шешілмеген. Дегенмен халық ең тиімді жол ұсынылуы мүмкін деп, асыға күтіп отыр, деп жазды KYN.KZ.

Жанжігіт Омархан қазірге нақты шешімнің жоқ екенін, бірақ екі нұсқа талқыланып жатқанын айтты. Ол жақын күндері бір шешімнің қабылданып, тиімді көлік несиесін рәсімдеу іске қосылатынын да айтып қалды.

1. Жеңілдікпен берілетін несиеге 4 жыл ішінде 150 миллиард теңге бөлінеді. Бірінші жылға 30 миллиард теңге бөлу қарастырылған. Несие беру шарттарын 2015 жылдан бері бар ескі бағдарламалармен қалдыру ұсынылады.

2. Халықтың әлеуметтік осал топтарына ешқандай бастапқы жарнасыз несие беру қарастырылып жатыр. Бұл бағдарламаға ақша "ӨКМ (РОП) операторы" компаниясында жинақталған қаражат пайдалынылмақ. Бұл шамамен 100 миллиард теңге.

Бір адамға берілетін несие шегін 7 млн теңге қылу бастамасы талқыланып жатыр. Бұл ұсыныс қабылдана ма, жоқ па, ол жағы экономикалық тиімділігі мен мақсатына байланысты айқындалады. Қалай болғанда да, 2 нұсқа да қазіргі уақытта межесіне жеткен жоқ,

— деп жазды министрлік баспасөз хатшысы.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар