Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Аштан өлгендер көп": Шымкентте 10 жасынан секс құлдықта болған қыз басынан өткен оқиғасын айтты

"Аштан өлгендер көп": Шымкентте 10 жасынан секс құлдықта болған қыз басынан өткен оқиғасын айтты
ашық дереккөз

30 жастағы әйел жазып - сызбақ тұрмақ әріп танымайды. Шымкенттегі дағдарыс орталығына түскен әйел бала күнінде ата-анасы өзін сатып жібергенін айтқан, деп жазды KYN.KZ Отырар сайтына сілтеме жасап.

Әйел Өзбекстанда туғанын біледі, он жасқа толған кезінде ата- анасы бейтаныс кісіге беріп жіберген.

Туған әкесі нашақор, анасы маскүнем болған. Сол кезде балаға атасы яғни әкесінің әкесі қараған. Немересінің сатылып жатқанын естіген ақсақал жүрегі ұстап өліп кетіпті.

Ол сатылған кезде Өзбекстанмен шекаралас Сарыағаш қаласына келген. Артынша Шымкентке ауыстырылыпты. Өмірінің жеті жылын жезөкшелікпен өткізген. Кейіннен жөзекшелер үйін ұйымдастырушылардың бірі 17 жастағы қызды аяп, оған бостандық берген.

"Бізді тамақ бермей ұстады. Бірнеше қыз аштан өлді. Өздері алып келген ер адамға қызмет көрсетуден бас тартсақ, темірмен ұрып, маңдайымызға қару тақайтын. Тұтқындағы қыздар бір-бірімізбен сөйлесуге тыйым салынған. Сол жерде бір кісіге мені босатуын сұрап жалындым. Ол кісі менің шығып кетуіме көмектесті",- дейді әйел.

Әйел бостандыққа шығып, өз өмірін реттеуге кіріскен кезде тағы адасқан. Жақсы көріп жүрген жігіті баласы дүниеге келер алдында жоқ болып кеткен. Содан әйел Шымкенттегі дағдарыс орталығын паналауға мәжбүр болған.

"Көмек" дағдарыс орталығының директоры Малика Жүсіпова орталықта сексуалдық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған тағы бес қыз барын айтты.

"Қыз бала күнін қорлықта өткізген. Оның алға қойған арманы бар шығар деп ойлаймын. Оның қолында не құжаты жоқ. Ешқандай жазып, сыза алмайды. Дегенмен, қазіргі жағдайы бұрынғысынан жақсы деп ойлаймын",- дейді Малика Жүсіпова.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар