Одан бөлек бүкіл прокаттан ақша түсіп тұрған: Әлия Назарбаева «Томирис» фильмінің сценариі авторы ретінде 300 миллион теңге алды
- автор kyn.kz
- 18 ақпан, 2022
- 201
«Томирис» фильмінің сценариін жазғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызы Әлияға 150 миллион теңге төленген.
«Қазақфильм» АҚ-мен жасалған келісімге сәйкес, ол автор ретінде теледидарда таратудан түскен пайданың 60 пайызын, Қазақстан Республикасының кинотеатрларындағы прокаттың 70 пайызын және Отаннан тыс кинотеатрларда прокаттың 40 пайызын алуға құқылы болды.
Мемлекет фильмге 3 миллиардтан астам теңге жұмсады, прокаттан түскен табыстың жартысынан астамын сценарий авторы өзіне алды. Осы құжаттар бойынша жалпы сома шамамен 150 миллион теңге болды. Ал мәдениет және спорт саласының бұрынғы министрі Райымқұлованың мәлімдеуінше, фильм 500 миллионнан астам жинаған. Бұл Назарбаеваның үлесі 300 миллионнан кем емес деген сөз» делінген журналист Михаил Козачковтың Facebook-тегі хабарламасында.
Фильмнің бас продюсері Әлия Назарбаева болды.
Еске салайық, мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Sataifilm» киностудиясының қатысуымен «Қазақфильм» киностудиясы түсірген фильм б.з.д. VI ғасырдағы оқиғаларға арналған ұлы дала ханшайымы – аты аңызға айналған Томиристің өмірін баяндайды.
дереккөзі:Orda.kz