Басты жаңалықтар
Үй ішінде әйел мен екі баласы болған: Әйелімен ұрысқан ер адам өз үйін өзі өртеп жіберді
- автор kyn.kz
- 18 ақпан, 2022
- 220
Алматы облысында ер адам әйелімен ұрысып қалғаннан кейін өз үйін өзі өртеп жіберді. Оқиға 15 ақпан күні болды, деп жазды KYN.KZ.
От ораған үйден әйел мен оның екі кішкентай баласы әрең қашып шыққан. Ал отағасын айқай мен шуға, қатты жанған өртке жетіп келген көршілер құтқарып қалды дейді Алматы облысы полициясының баспасөз хатшысы.
Бүтін бір отбасының өмірімен ойнағаны үшін басты күдікті ретінде 44 жастағы отағасы жауапқа тартылуда. Ол өз әрекетін әйеліне кінәлауда. Сонымен ұрысқаннан кейін осындай әрекетке баруға мәжбүр болыпты.
Қазір ер адамның үстінен ҚР ҚК 202 тармағы яғни "Өзгенім мүлкіне қасақана зиян келтіру, бүлдіру" бабы бойынша іс қозғалды.