Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Менің басымнан өткенді ешкімге тілемеймін: Жарқынай Ханайым жан сырын ақтарды

Менің басымнан өткенді ешкімге тілемеймін: Жарқынай Ханайым жан сырын ақтарды
ашық дереккөз

Әнші әрі актриса Жарқынай Ханайым желіде оқырмандарын қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, өміріне қатысты жан сырын ақтарды. Өнер иесі өз басынан өткен ауыр жағдайды қалай еңсергенін айтты.

Жарқынай Ханайым сұрақ-жауапты Instagram парақшасында ашты. Әнші алдымен сүйген адамды қалай ұмытуға болатынын түсіндіруге тырысты. Оның сөзінше, бұл мәселеде уақыт емші.

"Уақыт бәріне емші. Алладан артық ешкімді жақсы көрмеңіз. Сізді бақытты етуге, қасыңызда болуға әрекет етпейтін адамды өміріңізде қалдырудың қажеті жоқ. Бақытыңызды іздеңіз.

Қартайғанда көзіне ренішпен емес, сол адамға өміріңізді арнағаныңыз үшін қуанып қарап отыратын жанды іздеңіз", - деп жауап берді ол.

Сондай-ақ Жарқынай босанғаннан кейін күйзеліске ұшырауға уақыты болмағанын айтты. Өнер иесі ол кезде онсыз да қиыншылдықтары көп болғанын алға тартты.

Сонымен қатар әртіс бойындағы кемшіліктері жайлы айтты. Бүгінде ол өзінде комплекс мүлдем жоқ екенін жеткізді. Оған басына түскен сынақтар себеп болса керек дейді өзі.

"Қазір жоқ деп айта аламын. Барыма қуанамын. Сырттай да, іштей де ешқандай комплекс жоқ. Қалай бармын, солай қабылдамайтын адамдардың сөздерін есепке алмаймын. Менің жағдайым ешкімнің басына түспесін. Менің көрген қиыншылықтарымды басынан өткізіп, мендей төзіп, мендей болып алсын деймін", - деп жазды әнші.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар