Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматы облысында 4 жасар қызды 43 жастағы нағашысы зорлады

Алматы облысында 4 жасар қызды 43 жастағы нағашысы зорлады
ашық дереккөз

Алматы облысына қарасты Есік қаласында төрт жасар қыз баласын нағашысы мас күйінде бірнеше күн бойы зорлаған.Бұл туралы құқық қорғаушы Дина Тәңсәрі айтты, деп жазды KYN.KZ.

"Балаға бірден ота жасалды. Анасы дүкенге шығып кеткен сәтте болған оқиға. Ер адам жәбірленген балақайдың туысы",— деді Таңсәрі.

Облыстық полиция департаменті оқиғаның болғанын күдіктінің ұсталғанын растады.

"Қылмыстық іске күдікті ретінде Қызылорда облысының 43 жастағы тумасы ұсталып, қазір қамауда отыр. Болжам бойынша, күдікті ер адам соңғы бірнеше күн бойы жәбірленушінің отбасында қонып, мас күйде болған",— деді полицияның баспасөз қызметі өкілері.

Дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабы 4-бөлігі ("Зорлау") бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы облыстық полиция басшылығының ерекше бақылауына алынған. Бала қазір дәрігерлер бақылауында.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар