Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ешкімді танымайды: Маңғыстауда әскерге кеткен жігіт бір аптадан кейін үйіне қайтарылды

Ешкімді танымайды: Маңғыстауда әскерге кеткен жігіт бір аптадан кейін үйіне қайтарылды
ашық дереккөз

Биыл мамыр айының басында әскерге шақырту алған Талғат Айтмұханов 25744 әскери бөліміне қызметке жіберіліп, төрт күннен соң психологиялық аутықуларға тап болған.

Лада басылымының хабарлауынша, жігіт араға бір апта салып, үйіне қайтарылған.

«Ол ешкімді танымайды. Қайда екенін, не істеп жүргенін білмейді. Әкесін көргенде де селт етпеді. Оған әскерге барғаны, туған жері маңызды емес сияқты. Бірақ үйі мен отбасын білмесе де, тегі мен жасын есте сақтаған» дейді сарбаздың туысы Қайрат Нәсібаев.

Магниттік-резонанстық томографияға жүргізілген тексеруде жігіттен ауытқулар анықталмаған. Денесінен жарақаттар табылмаған.

25744 әскери бөлімі командирінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ренат Шәріповтың айтуынша, 11 мамырда Талғат әскерге шақыру учаскесіне келіп, туған-туыстарына қызмет ететін орны туралы хабарланған.

Медициналық тексеруден сәтті өтіп, денсаулық жағдайына шағымдары болмаған. Қазір әскери  полиция оқиғаның мән-жайын айнықтап жатыр.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар