Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Такси шопыры қазақша амандасқан жолаушыны балағаттап,жолға түсіріп кеткен

Такси шопыры қазақша амандасқан жолаушыны балағаттап,жолға түсіріп кеткен
ашық дереккөз

Журналист Ұлпан Құраисова кәмілет жасына жетпеген қызы екеуін такси жүргізушісі ауыр сөздермен балағаттап, сөмкелерін жолға лақтырып, өздерін жолда түсіріп кеткенін айтты, деп жазды KYN.KZ.

Журналистің сөзінше бар кінәсі ол таксиге атырған сәтте қазақ тілінде амандасқан. Шопырға сол жақпай қалды дейді жолаушы.

"Мен Яндекс такси қызметін төрт жылдан бері пайдаланып келемін. Бір ретте болсын шағым айтып немесе келеңсіз жағдай болған емес. Бар кінам қазақша амандасөаным. Қолдау орталығына хабарласып, болған жайтты айтым. Шағымымды алды. Маған жұбатқандай болып 1 500 теңге бонус берді. Бірақ мені ұлтым қазақ болғаны үшін осыншалыққа алып барған кезде оның өтемі осы болғаны ма? Маған ешқандай да төлем керек емес. Сонымен қоса жүргізушіге қатаң ескерту берілді дейді.

Ескерту жеңіл шара! Полицияға хабарлап, шағымымды жаздым. Жүргізуші полицейлерге "жолаушымен жеткізу орны және такси ақысы бойынша түсінбестік болды" деді. Ол қай сасқаны? Менде онлайн төлем. Тапсырыс бергенде клиентті алып кететін жер мен жеткізетін нүкте нақты көрсетіліп тұр. Енді жанжалдың шығуын басқа арнаға бұрып тұр.

Ең сорақысы кәмілет жасына толмаған қызымның көзінше мені бар білген былапыт сөзімен балағаттап, сөмкелерімді далаға лақтырды. Полицейлер қатаң жаза қолданады деген үміттемін. Бұл басыну әрі қорлау. Яндекс такси жүргізушілер ішіндегі ұлтшылдарды босату керек деп санаймын. Сонымен қоса такси ішін толық камерамен қамтамасыз ету керек шығар. Әйтпесе мына жағдайды дәлелдеу қиынға соғайын деп тұр",- деп жазды журналист.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар