Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жамбыл облысында өзіне қол салған сарбаз соңғы кездері туысынан жанұшыра қомақты ақша сұраған

Жамбыл облысында өзіне қол салған сарбаз соңғы кездері туысынан жанұшыра қомақты ақша сұраған
ашық дереккөз

Қайтыс болардан екі сағат бұрын анасымен телефон арқылы тілдескен, деп хабарлайды KYN.KZ.

Жамбыл облысындағы шекара заставасында әскери борышын өтеп жүріп, өзіне өзі қол салды деген сарбазға қатысты жаңа деректер шықты, деп хабарлайды Астана тв.

Туғандарының айтуынша ол қайтыс болардын бірер күн бұрын туыстары мен достарынан жанұшыра қомақты ақша сұрап хабарласқан. Демек суицид жасауына әскерилер тарапынан қысым болған деп топшылайды. Қара жамылған отбасының айтуынша, бала кезінен көпшіл, еті тірі, ауыздықпен алысқан асауды бағындырып өскен Бекбол өмірге құштар жан болатын.

Қайтыс болардан екі сағат бұрын анасымен телефон арқылы тілдескен. Ұлының дауысындағы өзгерісті байқаған, себебін сұрағанда "ұйқыдан тұрып жатырмын" деп қысқа қайырыпты. "Ақша сұратуына қарағанда ар жағында қысымшылық болған.

17 тамыздан бастап сұрапты. Содан кейін 19 күні осындай жағдай болды. Біреуден 20 мың, біреуден 30 мың сұраған. Соған итермелеп отыр. Осының ашылуын талап етеміз", - дейді марқұмның ағасы Қанат Қожахметов.

Олар тергеудің әділ өтіп, өлімге итермелегендердің жазалануын талап етеді. Сарбазды ақтық сапарға шығарып салуға келген әскерилер соңғы кезде қызымен ренжісіп жүрді, өмірімен қош айтысуына сол себеп болуы мүмкін деген болатын. Қаралы жиында төбе көрсетсек бойжеткен мұны елдің алдында жоққа шығарды. Жазба әлеуметтік желіде тарады. Марқұм Бекбол Мираш қатты қорқып жүргенінін жазыпты.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар