Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шымкентте апалы- сіңлілі үшеу Қазақстан бойынша қыздарды тауып, жезөкшелікке салған

Шымкентте апалы- сіңлілі үшеу Қазақстан бойынша қыздарды тауып, жезөкшелікке салған
ашық дереккөз

Олар желі арқылы, түрлі адамдармен сөйлесіп жезөкшелікке салуға болатын құрбандарын өздері іздеп тапқан. Кейде олрдың ата-аналарымен кездесіп, сенімдеріне кірген.

Барлығына бала күтушісіне жұмысшы іздейтіндерін айтқан. Олар маңайына сегіз адамды жұмысқа алып, оларды басқарған. Барлығы он бір адам он жеті қыз-келіншекті мәжбүрлеп жезөкшелікке салған, деп жазды KYN.KZ.

Үш ағайынды он жеті қызды басқару үшін өз адамдарын түрлі бағыттарда бөле отырып жұмсаған. Бір топ жаңа жұмысшы іздеумен айналысқан. Екінші топ жұмыс істеп жүрген жезөкшелерді қадағалап, оларды үнемі аңдып отырған. тағы бір топ олардың туыстарын алдаусыратып жауап беріп жүрген.

Олар ғаламтор арқылы табылған клиенттермен жұмыс істеген. Түрлі сауналар мен моншаларда тапсырыс арқылы барып қызмет кеткен. Сонымен қоса, бұл топ қыздарды Тараз, Шымкент, Түркістан қалалары бойынша имтимдік қызмет бойынша тасыған.

Жезөкшелікке салынғандар арасында алты қыз он алтыға толмаған. Қылмыстық топтың табысын жергілікті полиция 150 млн деп бағалап отыр. Қазір осы топты ұйымдастырып, жұмысын қадағалауында ұстаған үш қыз бен олардың көмекшілерін қосқанда барлығы он бір адам уақытша тергеу абақтысына тоғытылды.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар