Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шымкентте қоластындағылардан бағалы сыйлық талап еткен полковникке сот үкім оқыды

Шымкентте қоластындағылардан бағалы сыйлық талап еткен полковникке сот үкім оқыды
ашық дереккөз

Шымкентте қоластындағыларды бағалы сыйлық алып беруге мәжбүрлеумен айналысқан полковник Мұхтар Бұхарбаевқа сот үкім шығарды, деп хабарлайды KYN.KZ.

Мұхтар Бұхарбаев Шымкентте жол-патрульдік полкінің командирі және жергілікті полиция қызметінің бастығы лауазымын атқарып жүрген кезінде (2019 жылдың қазаны мен 2021 жылдың қыркүйек айы) өзінің қарамағындағы полиция инспекторы Азамат Айымбетовты қымбат сыйлықтарды әкеп беруге мәжбүрлеген. Яғни Аir pods, жиһаз, иіссу, күртеше, қол сағаты мен тұрмыстық заттарды алдыртып, жәбірленушіге материалдық тұрғыда елеулі зиян келтірген. Жалпы шығын көлемі — 3 194 305 теңге.

Инспектор бұл қаражатты туыстарынан алуға мәжбүр болған.

Полиция полковнигіне Қылмыстық кодекстің 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағымен (Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану) айып тағылды.

Қалалық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, Бұхарбаев кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар