Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қостанайда оқушының басын унитазға ұрып жармақ болған мектеп директоры сөгіс алды

Қостанайда оқушының басын унитазға ұрып жармақ болған мектеп директоры сөгіс алды
ашық дереккөз

Оқушының ата- анасы басқа да балалардың туыстарын жинап жиналыс өткізген. Онда директор өз қатесін мойындап, өзі жазаламақ болған бала мен оның анасынан кешірім сұраған, деп жазды KYN.KZ ақпарат агенттігі Халық үні басылымына сілтеме жасап.

Қостанай облысында оқушының басын унитазға жарам деп қорқытқан мектеп директоры сөгіс алды.

Басылым мәліметінше, Мичурин атындағы мектептің директоры Айнаш Даданова оқушыға дауыс көтеріп, «басын унитазбен жарамын» деп қорқытқан. Оның бұл сөздері жазылған аудиожазбаны оқушы желіге жариялаған. Онда директор өзінің мектепте 36 жыл еңбек етіп келе жатқанын, оқушылармен қалай қарым-қатынас жасау керектігін білетінін айтады.

Саған мектеп ұнамай ма? Мүмкін мені ұнатпайтын шығарсың? Мен ешкіммен қалжыңдасайын деп тұрған жоқпын. Мектепте жұмыс істегеніме 36 жыл болды, сен сияқтылармен не істеу керектігін білемін. Сен сияқтылардың басын унитазға тығатынмын.

Келесі жолы сенің де басыңды унитазға жарамын, ешкім білмей де қалады. Аяғы шалынып, құлап қалған дей саламын. Сенімен қалжыңдап тұрған жоқпын, мұның соңғы рет болсын, – дейді білім беру ұйымының басшысы оқушыға.

Білім басқармасы мектеп директорының педагогикалық этиканы бұзу фактісі орын алғанын мойындады.

Бұл оқиға оқушылардың мектеп мүлкіне бірнеше рет зиян келтіруінен кейін болған. Мектепте ата-аналар жиналысы өтіп, онда директор кешірім сұрап, тараптар татуласқан. Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының Әдеп жөніндегі кеңесі тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы қаулы шығарды. Директорға сөгіс жарияланды, – деді Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының баспасөз хатшысы.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар