Көкшетау тұрғыны 92 жастағы анасын кірпішпен ұрып өлтіріп алды
- автор kyn.kz
- 6 қазан, 2022
- 204
Көкшетау қаласының тұрғыны туған анасын кірпішпен ұрып өлтірді, деп хабарлайды KYN.KZ Ішкі істер органдарына сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, 2 қазанда қалалық полиция басқармасына ер адам хабарласып, 92 жастағы анасының қайтыс болғанын айтқан.Криминалистер оқиға орнын зерделеп жатқанда тергеушілер марқұмның жалғыз баласынан жауап алды. 62 жастағы ер адам анасының құлағанын қайта-қайта айтқан.
Бірақ полицейлер әйелдің денесіндегі жарақаттар құлағаннан болмайтынын анықтады. Сол кезде марқұмның ұлы өз кінәсін мойындады.Зейнеткер ұлына ішіп келгені үшін ұрысқан. Ер адам анасының сөзін көтере алмай, кірпішпен бірнеше рет ұрған.
Ал ұлы дәрігерлер мен полицейлерді шақырып, бәрін жазатайым оқиға ретінде көрсетуге тырысқан. Бірақ қылмысы әшкереленді.Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 1-тармағы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Осы қылмыс үшін сегіз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.