Жамбыл облысында 5 күн бұрын жоғалып кеткен әйел ми даладан тірі табылды
- автор kyn.kz
- 6 қазан, 2022
- 353
Жамбыл облысында жоғалып кеткен әйел жапан далада ес-түссіз жатқан жерінен табылды. Ол бес күн бойы ас-сусыз әбден әлсіреп өлімші хәлге түскен, деп хабарлайды KYNKZ ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасай отырып.
37 жастағы Игілік ауылының тұрғыны ешкімге ескертпестен үйінен шығып кетіпті. Дер уағында оралмаған соң, жақындары полицейлерге хабар берген.
Іздеу жұмысына тәртіп сақшылары, төтеншеліктер мен еріктілер жұмылдырылды. Куәгерлер әйелдің құмды алқапқа бет алғанын айтқан. 300-ге жуық адам ен даланы кезіп, оны ақыры Түркістан облысына жақын жерден тапты. Жоғалған кісі ауылынан 60 шақырымға ұзап кеткен.
Бес күннен бері нәр татпаған әйел бір өлімнен қалды. 37 жастағы жергілікті тұрғынның психикасында ауытқуы бар. Аштық пен суықтан денсаулығы нашарлаған оның қазір беті бері қарады.
" Іздеу шаралары тәулік бойы Сарысу ауданының елдімекендерінде ғана емес, шекара маңындағы ауылдардың аумағында жүргізілді. Көшелер, үйлер, аулалар, қараусыз қалған ғимараттар мен жертөлелер, жолдың бойы да тексерілді",- деді Асхат Әлметов, Сарысу ауданы ПБ бастығы.