Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Атырауда исламды жамылған діншілдер есірткі өсірумен айналысқан

Атырауда исламды жамылған діншілдер есірткі өсірумен айналысқан
ашық дереккөз

көрнекі сурет

Атыраудағы көпқабатты үйлердің жертөлесінен есірткі зертханасы табылды. Күдіктілер – деструктивті діни ағым өкілдері. Олар тыйым салынған өсімдіктерді жылыжайда күтіп баптаған, деп жазды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасай отырып.

Есірткі өсірумен айналысқан теріс діни ағым өкілдерін экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен “Арлан” арнайы жасағы бірлесіп ұстады.

Күдіктілер 34-35жас аралағындағы Атырау қаласының үш тұрғыны. Олар қаладағы жөртөледе алдымен есірткі өсіретін жылыжай жасақтаған. Өсімдіктерді баптауға арнайы жарық, жылу, ауа алмастырыратын құрылғы  орнатқан. Жылыжай ішінен 17 түп қарасора бұтасы тәркіленді.

Күдіктілердің үйін тінткенде діни әдебиеттер, есірткі пайдаланатын құралдар мен суық қарулар табылған.

"Үш күдікті ұсталды. Барлығы Атырау қаласының тұрғындары. ҚК 300-бабы, 297-бабымен тергеу жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды",-Мейірім Ердәулет, Атырау облысы ПД ресми өкілі

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар