Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Мемлекетке опасыздық және тыңшылық жасаған лауазымды тұлғалар сотталды

Мемлекетке опасыздық және тыңшылық жасаған лауазымды тұлғалар сотталды
ашық дереккөз

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік құпияны жария ету, тыңшылық және мемлекеттік опасыздық жасау фактілері бойынша сот үкімі шықты деп жазды KYN.KZ Sputnik басылымына сілтеме жасап.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бұрынғы бірінші орынбасары М. Шайхутдиновты мемлекеттік құпияны жариялағаны үшін кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырды.

Оған өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды.Бұдан бөлек, осы қылмыстық іске қатысы бар Л.Скаковскийдің (Қылмыстық кодекстің 175-бабы 1-бөлігі – мемлекетке опасыздық жасау) және О.Жданның (Қылмыстық кодекстің 176-бабы – тыңшылық жасау) кінәсі толық дәлелденді. Біреуі 11 жыл 3 айға, ал екіншісі 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар