Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Белгісіз «атымтай жомарт» балаларға тегін қысқы киім үлестіріп, елдің алғысын алды (видео)

Белгісіз «атымтай жомарт» балаларға тегін қысқы киім үлестіріп, елдің алғысын алды (видео)
ашық дереккөз

Бетперделі қазақ жігіт кішкентай балаларға өз ақшасына қалың сырткиімдер сатып алып, оларды тегін берді, деп жазды KYN.KZ cайты.  

Бұған дейін де өзінің жомарттығымен елдің назарына іліккен бет-аузы қымтаулы белгісіз жігіт әлеуметтік желіде тағы бір қайырымды ісін жариялады.

Жомарт жігіт сауда орталықтарының біріне барып:

«Сәлеметсіз бе! Балалардың қысқы курткасын сатып алып, тегін таратсақ, қалай қарайсыз», - деп сатушы әйелден сұрағанын көруге болады. Сатушы әйел де қарсы еместігін айтып, іске көшеді.

Сондай-ақ бетперделі жігіт тек қана балаларды емес, қарттарымызға, суықта ауыр жұмыста жүрген үлкен аға-әпкелерімізді де қуантып, баталарын алып жүр. Оның халыққа жасаған бұл жақсылығына ел риза болып, алғысын жаудыруда.

«Алла сізге осындай жүрек бергеніне мың алғыс!!! Жолыңыз әрдайым ашық болсын», «Молодец! Спасибо Человек в Маске за помощь людям!», «Алла разы болсын сізге!», «Қандай керемет істер жасап жатырсын. Аллам разы болсын!!!», - деп жазуда желі қолданушылары.

https://www.youtube.com/embed/6sgJ86S7rKI
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар