Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

ҰБТ-ға дайындаймыз деген оқыту орталығы ата-аналардан ақша жинап алып, жоқ болып кетті

ҰБТ-ға дайындаймыз деген оқыту орталығы ата-аналардан ақша жинап алып, жоқ болып кетті
ашық дереккөз

Алматыда ҰБТ-ға дайындаймыз деп балалардың ақшасын алған орталық 200-ге жуық ата-ананы былыққа батырған. Бұл туралы «Көреміз» ток-шоуына сілтеме жасаған KYN.KZ сайты хабарлайды.

Баласының болашағына алаңдаған біраз ата-ана «ҰБТ pro» атты білім беру орталығына 238 800 теңгесін беріп, алданып отыр. Оқушыларды орталыққа қабылдаған мұғалім өзінің жалақысын толық алмағанын айтып, жұмыстан шығып кеткен.

Ата-аналар балаларының ҰБТ-дан жоғары балл алуын қалап, аталған курсты бөліп төлеу арқылы сатып алған. Енді орталық директорының алаяқтығынан сан соғып қалған 158 ата-ана бүгінгі күні өздерінің 37 730 400 теңгесін талап етіп отыр.

Құрықты салған Жанысбай Бекзат есімді азамат: «Балаңыз грантқа түспей қалса, ақшаңызды қайтарып ала аласыз», - деп кепілдік те беріпті.

Республикамыздың түкпір-түкпірінен онлайн курсқа жазылған оқушылар аталған курста ендігі оқығысы келмейтінін айтып, мұндай курстардан ат тонын ала қашып отыр. Олардың дәл қазір ҰБТ-ны емес, далаға кеткен ақшасын ойлап басы қатқан.

«ҰБТ pro» курсына шілде айында жазылдым. «ҰБТ pro» курсы» дегенді естігеннен уже көңілім қалды. Бізге әлі күнге бір ғана тарих сабағынан басқа пәндер қосылған жоқ. Тарих пәнінің мұғалімі де 3-4 ай бұрын шығып кеткен екен», - дейді Қызылорда облысы, Шиелі ауданының тұрғыны Балнұр есімді оқушы.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар