Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"4 бала лашықта құмырсқа теріп жеп жүр": Түлкібастық әке қайырымдылық қоры ұлдарына сыйлаған үйді жалға беріп, өзі жас келіншекпен кетіп қалған

"4 бала лашықта құмырсқа теріп жеп жүр": Түлкібастық әке қайырымдылық қоры ұлдарына сыйлаған үйді жалға беріп, өзі жас келіншекпен кетіп қалған
ашық дереккөз

Түлкібастық азамат «Айдың нұры» қайырымдылық қоры сыйлаған үйін жалға беріп, балаларын жыртық лашықта тұрғызып жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ сайты «Көреміз» бағдарламасына сілтеме жасап.

Балалардың анасы әкесімен ажырасқалы бері балаларына қол жеткізе алмай, шарасыз отыр. Төрт ұлдың қолаңса сасыған лашықта тұрып жатқанына 2 жылдан асқан. Ет орнына үйінде өріп жүрген құрт-құмырсқаны жеп отырған балалардың жанайқайы кімді болса да бейжай қалдырмайды.

Пайдакүнем әкені балаларының жағдайы алаңдатпайтын көрінеді. Тоқалымен бөлек үйде тұрады. Балалары бар жас келіншекпен жаңадан көңіл қосқан ол өз балаларының емес, өгей балаларының қарнын тойғызумен әлек. Балаларына қайырымы жоқ әкенің бұл ісіне бұрынғы әйелі де, балалары да шарасыз.

Ал айдың-күннің аманында тірі жетім қылған ұрпағына халық ақша жинап алып берген үйін берем деген ойы да жоқ. Әзірге 4 баланың болашағы не болары белгісіз.  

«Үйді жалға беремін бе, бермеймін бе, бұл – менің ісім», - дейді өзгенің баласын бауырына басқан тасбауыр әке.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар