Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстанда 147 адамның әрқайсысының атында 20-дан асатын пәтері бар

Қазақстанда 147 адамның әрқайсысының атында 20-дан асатын пәтері бар
ашық дереккөз

«Отбасы банк» басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова Стратегиялық бастамалар форумында Қазақстандағы баспана иелерінің статистикасын жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ.

«Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мәліметінше, 2021 жылдың аяғында 6,3 миллион адамның меншігінде үй бар. 19 миллион халық бар десек, соның ішінде 6,3 миллион деген жаман статистика емес. Егер бізде 10 миллионға жуық экономикалық белсенді халық бар десек, 60 пайызының меншігінде үй бар болып шығады. Бұл тәуелсіздіктің 30 жылдығындағы жақсы көрсеткіш. Егер құрылымына зер салсақ, 5,6 миллион адамның басында бір баспанадан бар», - деді «Отбасы банк» басшысы.

Сонымен қатар 10-ға дейін баспанасы бар тұлғалар санына да тоқталды.

Төрайымның дерегіне сүйенсек, 607 мың адамның басында екі пәтер, 84 394 адамның атында 3 жылжымайтын мүлік тіркелген. 16 509 адамның атында 4 жылжымайтын мүлік нысаны тіркелген. Бір басында 5 нысаны барлардың саны әлдеқайда аз – 4 823. 1 935 адамда 6 пәтерден бар. 742 адамда 7 пәтерден бар.

Осылайша пәтер саны көбейген сайын адам саны азая түседі. Бірақ шамамен 147 адам бар, олардың атына 20-дан астам баспана тіркелген. Бірақ шамамен 147 адамның 20 және одан да көп баспанасы бар. Бұл 6,3 миллион пәтерге шамамен 4,3 миллион отбасы иелік етеді», - деп қорытынды жасады Ибрагимова.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар