Басты жаңалықтар
Үндістандық 8 жасар бала кобра жыланын тістеп өлтірді
- автор kyn.kz
- 17 қараша, 2022
- 680
Үндістанның Райпур қаласының маңында орналасқан Пандарпад ауылында тұратын 8 жасар бала өзін шаққан кобраны тістеп өлтірді, деп жазды KYN.KZ сайты.
Newindianexpress.com дерегі бойынша үйінің ауласында ойнап жүргенде баланы жылан шағып, қолына оралып алған.
«Жылан қолыма оралып, тістеп алды. Оны сілкіп тастауға тырыстым. Кобра қозғалмағандықтан, оны екі рет қатты тістедім», - дейді ержүрек бала.
Жағдайдан соң отбасы баланы шұғыл түрде жақын маңдағы алғашқы медициналық көмек көрсету орталығына алып барады. Дәрігерлер тексере келе, кобра улы болғанымен, тістеген орында у қалмағанын айтып таң қалды.