«Енді онлайн туу қалды»: Тағы бір онлайн той өтті (видео)
- автор kyn.kz
- 17 қараша, 2022
- 552
Онлайн форматта өткен тойда екі жас Кореядан тікелей эфирге шыққан, деп хабарлайды KYN.KZ сайты.
Кореяда елінде білім алып жатқан екі жас онлайн түрде үйленіп, үй болды. Желіде тараған бейнежазбаға назар аударсақ, келіннің бетін ашу сәті түсірілген. Арт жағына Қазақстанның туын іліп, қонақтардың сәлем салып тұрған келінге жұрт тағы да күліп, бір жағынан таң қалуда.
Бұл жолы тойға халық көбірек жиналған көрінеді. Зал адамға толып тұр. Онлайн форматта екі елді мың жылдық құда еткен екі жастың бұл шешіміне көпшілік кекесінмен коментария жазды.
«Ой, Алла, жүре берсең, көре береді екенсің. Некені де онлайн қидырған ба», «Қандай замандарға қалдық. Онлайн деген жақсы емес-ау. Көз көрісіп, құшақтап көріскенге не жетсін», «Қарантиннен кейін қуатындар көбейіп кетті. Әркім ойына келгенін жасап, жынды болып қалды», «О, тоба, енді онлайн туу қалды», «Адамдарды да онлайн жинау керек еді», - дейді желі қолданушылары.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін онлайн ұзатылған қыз жайлы хабарланған. Онда АҚШ-та білім алып жатқан екі жастың отау құрғанына куә болған еді желідегілер.