Басты жаңалықтар
Қаржы министрі Қазақстан президентінің қанша айлық алатынын айтты
- автор kyn.kz
- 17 қараша, 2022
- 266
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ел президентінің айлық жалақысы жайлы ақпарат берді, деп хабарлайды KYN.KZ.
«Бұл ақпарат көпшілікке жария етіліп, таратылатын ақпаратқа жатпайды. Себебі құпиялылық туралы құжат бар. Бұл дүниежүзілік тәжірибе, басқа мемлекеттерде бар үрдіс», - дейді Жамаубаев.
Сондай-ақ 1,5 миллион теңге айлық алатын Ерұлан Жамаубаев Қазақстандағы министрлердің жалақысын да қысқаша айтып өтті.
«Барлығы еңбек өтіліне, біліктілігіне байланысты. Меніңше, ең төменгі айлық 500-600 мың теңге, ең көбі 1,7 миллион теңге. Үкімет басшысы сол ең жоғары айлықты алатын шығар, өзінен сұраңыздаршы», - деді министр.