Басты жаңалықтар
Жигули Дайрабаев: Елдің болашағына алаңдайтын әр адам дауыс беруі тиіс
- автор kyn.kz
- 20 қараша, 2022
- 576
Президенттікке «Ауыл» партиясының атынан түсіп жатқан үміткер Жигули Дайрабаев кезектен тыс президент сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды KYN.KZ.
Жигули Дайрабаев елордадағы сайлау учаскесіне әйелі және немерелерімен келіп, үміткерлер ішінде алғашқы болып дауыс берді.
"Көңіл күйім тамаша. Бүгін еліміздегі саяси науқанның нүктесі қойылар күн. Әрине еліміздің болашағы барлығымыз үшін маңызды болуы керек. Қазақстанның тағдырына алаңдаушылық білдіретін әр адам ел болашағына немқұрайлы қарамай дауыс беруі тиіс",- деді Жигули Дайрабаев.
Ол өз сайлау учаскесіне бірінші болып келгендіктен, сыйға кітап алды.
Келесі мақала