Астана, Алматы және Шымкент сынды республикалық маңызы бар қалалар мен елорда комиссиялары ұсынған ақпарат бойынша бүгін, 2022 жылғы 20 қараша күні елорда уақытымен сағат 7.15-тегі жағдай негізінде өңірде 8150 учаскеде тізімге енген 11 млн. 950 мың 485 азамат дауыс беруге кірісті. Бұл туралы election.gov.kz-ке сілтеме жасаған KYN.KZ хабарлайды.
Республика аумағындағы уақыт белдеулеріне сәйкес 5 өңірдің – Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарының учаскелері елорда уақытымен сағат 08.00-де дауыс беруді бастады.
Қазақстан Республикасы бойынша дауыс беруге арналған 10101 учаске бар. Оның 68-і 53 шет мемлекеттердегі өкілдіктердегі учаскелерді камтиды. Аталған 11 шет мемлекеттегі өкілдіктері жанындағы 12 учаске дауыс беруге кірісті.
Ал 86 учаскеде аумақтық комиссиялардың қабылдаған шешімдеріне сай дауыс беру таңғы сағат 6.00-де басталды.