«Леслиге дауыс берсең, 4 пәк қыз аласың»: Алекс Лесли Қазақстандағы сайлау мен қазақ жігіттерін мазақ етті (видео)
- автор kyn.kz
- 21 қараша, 2022
- 395
Қазақ қоғамында үлкен дау тудырған ресейлік пикапер Алекс Лесли өзіне қарсы шыққан бір топ қазақ жігіттерін мазақ етті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпараттық порталы.
18 қараша күні Қазақстанға келген пикаперге қарсы көтерілмек болған бір топ қазақ жігіттері бейнежазба жариялады. Оны көрген блогер бейнежазбаны Instagram парақшасына жүктеп, тіпті елімізде өткен кезектен тыс президенттік сайлауды да мазақ еткен жазба салған.
«Ассауламағалейкум, қазақ халқы! Мына Алекс деген адам келе жатыр екен. Бұл елімізге, жұртымызға керексіз нәрсе. Елдің бірлігін бұзайын деп жатыр ол. Біз ешкімге қарсы емеспіз. Бірақ өз елімізде, өз жерімізде намысымызды аяқасты етіп қоймаймыз деген мақсатта ер-жігіттер жиналып жатыр. Бізден ары жүрсін», - делінген бейнежазбаның орыс тіліндегі аудармасына мүлде басқа мәндегі мәтін жазып қойған.
«Біз Алекс Леслиді Қазақстанның президенті болуын талап етеміз. Оның сайлауалды бағдарламасында әр еркекке 4 пәк қыздан беріледі делінген. Леслиге дауыс берсең, 4 пәк қыз аласың», - деп жазады Алекс Лесли.