Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Түгел өртеніп кеткен көлікте «Құран кәрім әліппесін» күйік шалмаған (видео)

Түгел өртеніп кеткен көлікте «Құран кәрім әліппесін» күйік шалмаған (видео)
ашық дереккөз

Өрт сөндірушілер әрең сөндірген көлікте «Құран кәрім әліппесі» күймей қалған, деп жазды KYN.KZ сайты.

Іші-сырты түгел өртеніп кеткен жеңіл автокөліктің «Құран кәрім әліппесі» салынған бөлігі ғана аман қалып, кітаптің еш жерін күйік шалмаған. Бейнежазба авторының айтуынша, алапат өртті өрт сөндіру қызметкерлерінің өзі әрең сөндіре алған.

Бейнежазбаны көрген желі қолданушылары аталған жайтқа таңқалысып, Алланың құдіреті екенін айтуда.

«Алланың құдіретінде шек жоқ», «Бір Алла ғана мұндай мүмкіндікке ие», «Құдай сақтапты ғой, машинаның иесі аман ба екен», «Керемет! Алла құдіреті шексіз», - деп жазды желі қолданушылары.

https://youtube.com/shorts/mpnNAlDXbwk?feature=share

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар