Басты жаңалықтар
Тағы бір батыр алматылық қарияны өртке оранған үйден алып шықты (видео)
- автор kyn.kz
- 21 қараша, 2022
- 206
Оқиға 20 қараша күні таңертең Алматыдағы «Шұғыла сити» ТК-де орын алды. Бірінші қабатта өртенген пәтерде ота жасатып, өзі қозғалып, жүре алмайтын 1950 жылғы ер адам қалып қойған. Оны аталған ТК 30 жастағы тұрғыны Еркебұлан Жанахметов құтқарды.
72 жастағы ер адам үйдің кіреберісінде жатқан. Пәтерден өз бетімен шығуға барынша тырысып оттың ортасында қалған. Еркебұлан өрт сөндірушілерді күтпей, өртеніп жатқан пәтерге кіріп, зейнеткерді қауіпсіз жерге алған.
«Батыр болуды мақсат етпедім, тек көмектескім келді», – дейді Еркебұлан Жанахметов.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Иманғали Тасмағамбетовтің әпкесі өмірден озды
- авторТомирис Тоныкөк
- 20 қыркүйек, 2024
Басты жаңалықтар
Қазан айында қазақстандықтардың қанша күн демалатынын белгілі болды
- авторТомирис Тоныкөк
- 20 қыркүйек, 2024