Алматы облысында жолдың келесі бетіндегі анасының үйіне рұқсатсыз барған әйелді күйеуі атып өлтірді
- автор kyn.kz
- 21 қараша, 2022
- 248
Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында орналасқан Ақбастау ауылының тұрғыны әйелін атып өлтірді, деп хабарлайды KYN.KZ сайты exk.kz-ке сілтеме беріп.
Бұл туралы құқық қорғаушы, "НеМолчи" қорының жетекшісі Дина Смайылова жазған. Аталған оқиға 19 қараша күні болған. Әйел жолдың келесі жағында тұратын анасының үйіне кеткен. Күйеуі артынан барып, сол жерде оқ атқан.
Екеуінің үш баласы бар. Күдіктіні полицияға ұстап берді. Ол жақта барлығында қару бар. Бірақ бұл туралы айтылмайды. Қаншама кісі өлімі тіркелген. Дегенмен, кешегі жағдай жұртты дүр сілкіндірді, - дейді Дина Смайылова.
Ішкі істер министрлігі аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Полиция бөлімінің тергеушілері адамды қасақана өлтірген 47 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуді бастады. Сол күні күдікті ұсталып, қамауға алынған. Қылмыс құралы – күдіктіге тиесілі аңшылық атыс қаруы тәркіленді, - делінген ІІМ хабарламасында.