Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақтауда балабақша тәрбиешісі балаларды ұрып-cоққан (видео)

Ақтауда балабақша тәрбиешісі балаларды ұрып-cоққан (видео)
ашық дереккөз

Ақтау қаласында орналасқан №37 балабақша тәрбиешісінің балаларды қатігездікпен ұрып-соққан бейнежазбасы жұрттың ызасына тиді, деп жазды KYN.KZ ақпараттық порталы.

Ақтау қаласы Білім бөлімінің басшысы Бағдат Тұрғанбаеваның сөзінше, қаладағы «Мәншүк» балабақшасында орын алған заңбұзушылықтарды анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылған.

«Тексеру қорытындысы бойынша, аталған балабақшаның тәрбиешісі Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 14-тармақшасы, «Жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзудың негіздеріне» сәйкес жұмыстан босатылды. Балабақшаның директорына сөгіс жарияланды», - деп мәлімдеді Бағдат Тұрғанбаева.

Ақтау қаласының полиция қызметкерлері де тәрбиешіге тағайындалатын жаза туралы хабарлады.

«Тәрбиешіге қатысты Қылмыстық кодекстің 140-бабының 2-бөлігі «Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді ата-анасының немесе осы міндеттер жүктелген өзге де адамның тиісінше орындамауы» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды», - делінген хабарламада.

https://www.youtube.com/embed/v1ngrfZybDg
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар