Айуандықпен өлтірілген: Астанада қызылордалық келіншек өз пәтерінен өлі күйінде табылды
- автор kyn.kz
- 22 қараша, 2022
- 269
32 жастағы келіншектің туыстары аталған жағдайға байланысты өз-өзін өлтіруге бабымен іс қозғалғанын, алайда бұл бапқа келіспейтінін айтады. Олардың айтуынша, келіншекті біреу айуандықпен өлтірген.
Соңғы жылдары Астанада жұмыс істеп Марқұм Асыл Тәпенова Қызылорда облысының Арал ауданының тұмасы. Елордадан нәпақасын тауып, балаларын асырап жүрген келіншек жалдамалы пәтерде жалғыз тұрған.
Келіншек қайтыс болар алдында бірнеше күн ауылдағы анасына хабарласпай кеткен. Содан анасы уайымдап, Астанадағы туыстарына Асылдың жағдайын біліп келуді өтініпті. Ал туыстары 6-қараша күні оның пәтеріне барған сәтте қансырап өлген Асылдың мәйітін көрген.
«Екі санынан пышақ тыққан. Сосын екі қолының күре тамырын кескен. Тіпті мойынынан пышақпен орып жіберген. Малша бауыздаған ғой. Кейін пәтердің жылуын қатты қосып кеткен. Ал Асылдың мәйіті пәтерде үш күн жатқан», - дейді марқұмның ағасы Әділхан Маханов.
Әйелдің көршілері мәйітті тауып алардан 3 күн бұрын сол пәтерден айғай-шудың шыққанын айтқан. Бірақ Асылдың денесіне жасалған сараптамадан соң суицид жасап, қайтыс болды деген қорытынды шығарыпты. Бұл қорытындыға келіншектің туыстары сенбейді.
«Адам өзіне қалай бірнеше рет пышақ салады? Өтірік қой. Тергеу әділ жүргізілсін. Асылдың анасы Астананың прокуратурасына арыз жазды. Қылмыскерді тауып берсін. Ол заңмен жазасын алуы керек», - дейді марқұмның ағасы.
32 жасында қайтыс болған Асыл Тәпенованың артында он жасар қызы қалды.
Дереккөзі:exk.kz