Қызметкерлерін аямай сөккен әкімнің аудиосы тарады (аудио)
- автор kyn.kz
- 24 қараша, 2022
- 249
Бұл туралы KYN.KZ ақпараттық порталы хабарлайды.
Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоқжанов қызметкерлерімен өткен жиналыста боқауыз сөздер айтып, олардың намысына тиген. 1 сағат 53 минуттық аудиода әкім "б...ь" сөзін 71 рет, "н...й" сөзін 73 рет айтқан. Әкім бұл оқиғаның биылғы наурыз айында ауданды су басу қаупі болып тұрған кезде болғанын айтады.
Өткен жиналыста әкім аппарат қызметкерлері мен ауыл әкімдерін өңірді су басу қаупіне қатысты есеп беруін талап еткен көрінеді. Ол қауіпті көре тура қызметкерлердің резеңке аяқ киіммен жүрудің орнына туфлимен жүргенін, техникаға қажет 10 литр дизель отынын таба алмағанын, сонымен қатар аппарат қызметкерлерін құжат тапсыру мерзіміне үлгермей жатқаны үшін сынаған. Қызметкерлердің зейнетке шығуына бірнеше күн қалғанына қарамай, оларды жұмыстан шығарып жіберетінін айтып бопсалаған.