Ботокс, жасанды кірпік, тырнақтары бар қыз-келіншектер шетелге шыға алмайтын болды
- автор kyn.kz
- 24 қараша, 2022
- 598
Түркіменстанда әйелдерге тағы бір қысым жасалды. Бірнеше күн бұрын көші-қон қызметі Дубайға ботокс, жалған кірпік пен жасанды тырнағы бар әйелдерге ұшуға рұқсат бермей қойды. Осы санатқа жататын түрікмендерді Түркіменстаннан тыс жерлерде сыртқы келбетімен мемлекет туралы пікірді бұзбауы үшін елден шығармай қойды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпараттық порталы.
Рейске жіберілмеген әйелдердің бірі ұшу үшін одан шекара бақылауында ботоксты ернінен алып тастауын сұрағанын айтты.
«Егер кеткіңіз келсе, сұлулық үшін жасайтын жасанды заттарды алып тастаңыз», дейді. Сізде жасанды ерін бар, тіпті компьютердегі бет-жүзіңізді тану бағдарламасы да сізді танымай тұр. Егер төлқұжаттағыдай табиғи көрінбейтін болсаңыз, біз сізді ешқайда жібере алмаймыз деп айтты», - дейді түрікмен әйелі.
Айта кетейік, биыл Түрікменстан билігі бірқатар косметикалық процедуралар заңсыз деп саналатынын мәлімдеді. Әйелдерге ботокс салдыруға, кірпікті ұзартуға, ерінді үлкейтуге, жасанды тырнақтар қолдануға және бет әжімдерін тарттыруға, шашты бояуға және т.б. тыйым салынды.