Ақмола облысында 20 жастағы жігіт өзінен көмек сұраған көршісінің ақшасын ұрлап алды
- автор kyn.kz
- 25 қараша, 2022
- 207
Ақмола облысының полицейлері көршісінің ақшасын ұрлаған жігітті ұстады, деп хабарлады Polisia.kz. сайтына сілтеме жасаған KYN.KZ.
22 қарашада Степногорск қаласының полиция басқармасына 22 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, белгісіз біреу банктің мобильді қосымшасы арқылы 44 867 теңгесін ұрлап алғанын жеткізді.
Ақмола облысының тұрғыны оны жәрдемақыны шешіп алу кезінде білген. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталды. Ол өтініш берушімен көрші болып тұратын бұрын сотталмаған 20 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.
Арызданушы қолжетімді соманы тексеру үшін танысының телефонына банктің мобильді қосымшасын орнатқаны белгілі болды. Жәбірленуші өз шотының жай-күйін тексергеннен кейін, банк қосымшасынан шықпай, телефонды танысына қайтарып берген. Айта кетері, өтініш берушінің телефоны болмаған.
Кейінірек Степногорск қаласының 20 жастағы тұрғынына ақша түскені туралы мобильді қосымшаға хабарлама келген. Ол мобильді қосымша арқылы досына шамамен 45 мың теңге сомасында ақша аударып, кейін оны қолма-қол ақшаға айналдырып, жұмсап жіберген. Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.