Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Нағыз батырлар – осы жігіттер»: Алматыда өрт сөндірушілер тағы бір өрттен адамдарды аман алып қалды (видео)

«Нағыз батырлар – осы жігіттер»: Алматыда өрт сөндірушілер тағы бір өрттен адамдарды аман алып қалды (видео)
ашық дереккөз

Алматыда тағы бір көпқабатты пәтерлердің бірінен өрт шығып, ондағы тұрғындар құтқарылды. Бұл туралы белгілі спорт шебері Ардақ Назаров желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпараттық порталы.

Спортшының айтуынша, олар спорт залға кіріп, бірер сағат жаттығып шығам дегенше жаттығу залының қасында орналасқан пәтерлердің бірі өртенген. Өрт сөндірушілер дер кезінде жетіп келіп, өртті толық өшіріп, екі жасар мүгедек бала мен бір жанұяны ажал аузынан аман алып қалған. Адам өміріне араша түскендер – Алматы қаласы Бостандық ауданының өрт сөндірушілері. Ал екі жасар мүгедек баланы өрттен алып шыққан - Әділ Еркінұлы есімді өрт сөндіру қызметінің маманы.

Өрт шыққан пәтердегі азамматтар ысқа тұншыққан көрінеді, ұйқыдан оянбай жата берген.

«Бастарын бәйгеге тіккен батыр жігіттердің еңбегі бағаланса екен.
Өйткені жақында Асқар есімді азаматымыз да (иманы жолдас болсын) осылай құтқару жұмысынан кейін бақилық болды емес пе? Бұл азаматтар бір-бір жанұяның тірегі, асыраушылары, біз оларды қолдауымыз керек, еңбегін ескеруіміз қажет», - дейді спорт шебері.

https://youtube.com/shorts/tOHRcQpGwtA?feature=share

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар