Алматы облысында белгісіз біреулер кәмелетке толмаған балаларды ұрлауға әрекет жасаған
- автор kyn.kz
- 25 қараша, 2022
- 247
Алматы облысы Қарасай ауданында орналасқан мектептердің алдында балаларға бөгде адамдар тәттілер беріп, үйлеріне жеткізіп салуды ұсынып, көліктеріне салып әкетуді мақсат еткендер көбейді, деп жазады KYN.KZ сайты.
Желі қолданушылардың айтуынша, мұндай жағдай Қошмамбет ауылында орын алған. Оқиғаға қатысты бір топ ата-ана жиналып, балаларының өміріне алаңдаулы екенін айтты.
Облыстық полиция департаменті оқиғаның мән-жайының анықталып жатқандығын хабарлады.
«Қарасай ауданының ПБ қызметкерлеріне Жамбыл кентінің 36 жастағы тұрғынынан хабарлама келіп түскен. Тұрғын өзінің Жамбыл орта мектебінде оқитын кәмелетке толмаған ұлы жаттығуынан қайтып келе жатқанда қара түсті джип көргенін, оның ішіндегі азиялық типтегі ер адам 36 жастағы ер адамның ұлына тәттілер ұсынған соң баласының үйіне қашып келгенін жеткізген. Аталған дерек бойынша, полиция қызметкерлері осы оқиғаға қатысы бар тұлғалардың жеке басын анықтау бойынша іздестіру жұмыстарын жүргізуде», - делінген хабарламада.
Ал аудан тұрғындары балаларды көзден тасада қалдырмауды сұрап, дабыл қағуда.