Түркістан облысында журналисті өлтіруге тапсырыс берген шенеунікке қатысты сот үкімі шықты
- автор kyn.kz
- 25 қараша, 2022
- 282
Түркістан облысында журналисті өлтіруге тапсырыс берген шенеунік пен оның сыбайластары сотталды, деп хабарлайды KYN.KZ сайты КТК арнасына сілтеме жасап.
2022 жылғы қаңтар айында белгілі журналист Амангелді Батырбековтың үйіне белгісіз адамдар келіп оқ жаудырған. Сарыағаш ауданы білім бөлімінің бұрынғы басшысы Бауыржан Майрихов журналистің өзі туралы жазған мақаласын ұнатпай, жендет жалдап оны өлтіруге бел буған. Батырбековты ұлымен шатастырып алған жалдамалы жендеттер журналистің 31 жастағы ұлына бірнеше рет оқ атқан.
Бауыржан Майрихов алдағы 11 жылын темір торда өткізбек. Қылмысты ұйымдастыруға көмектескен 3 ер адам 10-13 аралығында бас бостандығынан айырылса, журналистке оқ атқан қандықол қылмыскер 12,5 жылға сотталды.
Сот үкімін шығару барысында жәбірленушінің үш сотталушыға қатысты кешірім беруі, сотталушылардың асырауында жас балаларының болуы, сондай-ақ барлығының да бұрын сотталмағаны назарға алынды.