Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Павлодарда әйелін бензинмен өртемек болған ер адамның өзі күйіп, жансақтау бөлімінде жатыр

Павлодарда әйелін бензинмен өртемек болған ер адамның өзі күйіп, жансақтау бөлімінде жатыр
ашық дереккөз

Павлодарда күйеуі әйелінің үстіне бензин құйып, өртеген. Жағаұстатар жағдай қаладағы көп қабатты үйлердің бірінде болды. Абырой болғанда әйел аман қалды. Ал ер адам жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ сайты Астана арнасына сілтеме жасап.

Сұмдық оқиға түнгі уақытта болған. Ер адам үйіне өзімен бірге бір бөтелке бензин әкеліпті. Оны әйелінің үстіне құйып, от қойған. Жанармай оның үстіне де шашырап, екеуі де өртенген.

"Ол бензинді бірінші еденге төкті, сосын жаға бастады. Мен қашып едім ол қолындағы жанармайды менің үстіме қарай шашты. Сөйтіп, үстімдегі киімдерім жана бастады. Сосын футболкамды шешіп, жуыну бөлмесіне қарай жүгірдім. Бөлмеден шықсам үйдің іші түтін болып кеткен. Бір уақытта балам менің шашым жанып жатқанын айтты",-дейді зардап шегуші Инна.

Дәрігерлер екі науқастың да жағдайы ауыр екенін айтады. Ер адамның денесінің жартысы күйіп қалған.

"Әйел күйік бөліміне түсті. Жағдайы қанағаттанарлық. Денесінің біраз бөлігін күйік шалған. Ал ер адамның жағдайы өте ауыр. Жансақтау бөлімінде жатыр",-дейді Павлодар қалалық №1 аурухананың бөлім меңгерушісі Марат Қанжығалин.

Әйеліне бензин құйып өртемек болған азаматқа қатысты адам өлтіруге оқталу бабымен іс қозғалды.

Күйеуінің әйелін не себепті өртемек болғаны әзірге белгісіз. Оны полиция анықтайтын болады. Егер ол кінәлі деп танылса, 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар