Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Депутат Саиров: Екібастұздағы ТЭЦ иесі Клебановтар ақшаны тек қалталарына басып, халықты сорлатқаны үшін жауап берсін

Депутат Саиров: Екібастұздағы ТЭЦ иесі  Клебановтар ақшаны тек қалталарына басып, халықты сорлатқаны үшін жауап берсін
ашық дереккөз
Депутат жеке адамның мемлекеттік маңызы зор объектке иелік ететініне шүйлікті
Екібастұздағы төтенше жағдайға байланысты ТЭЦ иесі  жауапқа тартылуы керектігі айтылды. Ұзақ уақыт бойы  халыққа қызмет көрсетіп, пайдасын алып, ешқандай кепілсіз, қажетті жөндеу жұмыстары уақтылы жасалмағандықтан осындай төтенше жағдай орын алғаны сөз болды. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы  Парламенті Мәжілісінің депутаты  Ерлан Саиров айтты, деп хабарлайды KYN.KZ. "Жемқорлар жазасын тартуы тиіс. Клебановтың тасасында кім тұр?! Еліміздің энергетикалық активтеріне аудит жүргізіп, осы игіліктерді әділетсіз иеленіп, түскен қаржыны жаңғыртуға салмай, өз қалтасына салған нақты азаматтар заң алдында жауапкершілікке тартылуы қажет. Мысалы, Екібастұздағы ТЭЦ-тың иесі Клебанов деген азамат дейді. Біріншіден, мұндай мемлекет үшін стратегиялық объект жеке адамның иелігіне қалай өтті? деген заңды сұрақ туады. Ондаған жылдар бойы Клебанов тәрізділдер және оның сыбайластары халықтан түскен ақшаны, ұялмай-қызармай, өз қалтасына салып отырған ба? Егер олай болса, Ұжымдық Клебановтардың сыбайластары да жазадан құтылмауы қажет", - деп жазды депутат.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар