Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Қыстырылмаған жері қалмады»: Гүлзира Айдарбекова жасаған мәлімдемесіне тиісті жауабын алды

«Қыстырылмаған жері қалмады»: Гүлзира Айдарбекова жасаған мәлімдемесіне тиісті жауабын алды
ашық дереккөз
Гүлзира Айдарбекова отандық шоу-бизнесте алғаш фильм түсірген өзі екенін айтып, Баян Мақатқызының ызасына тиді, деп хабарлайды KYN.KZ сайты. Әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова арналардың біріне берген сұхбатында қазақ шоу-бизнесінде алғаш кинотуынды түсіргенін мәлімдеді. Ол өзінің ұлы Қайрат Нұртас басты рөлді сомдаған «Өкініш» кинокартинасын меңзеген. «Мен шоу-бизнесті оқыған жоқпын. Бірақ осы шоу-бизнестің арасында ең бірінші болып мен кино түсірдім. Қайраттың «Өкініш» киносын түсірдім. Ол кезде Қайрат өте жас еді, ары кетсе 19-20 жас. Кейін өнер адамдарының арасында кино түсіру басталып кетті», - дейді Айдарбекова. Продюсердің бұл әңгімесі жұрттың сынына ұшырап, жағымсыз пікірлер қарша жауған. Атышулы продюсердің сөзі шындыққа жанаспайтын айтуда. Тіпті бірнеше дәлелін де айтып, Айдарбекованың айтқанын жоққа шығарды. Ал кейбірі екеуінің түсірген фильмдерінің көруге тұрмайтындығын айтып, екі продюсерге де қарсы шықты. «Осы Гүлзира деген қатынның қыстырылмайтын жері қалмады», «Ойланбай сөйлеген ауырмай өледі», «Қайсысының киносы да адам көретін кино емес», «Баян өзі де бірінші болып бұлардың бәрінен киноға түсті емес пе? Баян супер»,  «Баян түсірді ғой "Коктейль для звезды"фильмін 2010-да, «Өкініш» фильмі 2013 жылы шықты, қоя қойыңыз», - деп жарыса жазды.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар