Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

14 қаңтарда сайланатын Сенат депутаттарына қойылатын талап айтылды

14 қаңтарда сайланатын Сенат депутаттарына қойылатын талап айтылды
ашық дереккөз
Кандидатты тіркеу қазірден басталды
Сенат депутаттарын сайлау 14 қаңтарда өтеді. Ал кандидат ұсыну ертеңнен басталады. Сөйтіп жыл басында 20 өңірден бір-бір өкіл Парламенттің Жоғарғы палатасына сайланады. Сенаторларды өңірлердегі Мәслихат депутаттары таңдайды. Кезектен тыс президент сайлауының біткеніне бір апта өтер-өтпестен Орталық сайлау комиссиясы тағы бір сайлау туралы хабарлады. Қаңтарда 20 өңірден бір-бір адам Сенат депутаттығына сайланады. Ерекшелігі, сайлауға әдеттегідей дауыс беру құқы бар азаматтардың бәрі қатыспайды. Болашақ сенатор өз өңіріндегі Мәслихат депутаттарының қолдауына ие болса жеткілікті. Кандидатураны депутат облғысы келетін адам өзі немесе Мәслихат депутаттары ұсынады. Үміткерлердің тіркеу ертең басталып, 14 желтоқсанда аяқталады. Оған қойылатын талаптар: үміткер Қазақстан азаматы және соңғы 10 жылда ел аумағында, оның үш жылын өзі сайланатын аймақта өткізуі керек. Жоғары білімді, бес жыл еңбек өтілі бар, жасы 30-дан асқан азамат Сенат депутаты болуға мүмкіндік алады. .КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢДА ҚОЙЫЛҒАН ТАЛАПТАР: - Азаматтығы; - Соңғы 10 жылда ҚР аймағындағы тұрақты тұруы; - Тиісті өңірдің аумағында кемінде 3 жыл тұрақты тұруы; - Жоғары білімі; - 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі; - Жасы 30-дан кем болмауы; - Төлейтін сайлау жарнасы да бар. Ол 15 айлық есептік көрсеткіш.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар