Басты жаңалықтар
5 миллион теңгелік киім. «Grammy» сыйлығының иегері Иманбек киімінің қанша тұратынын айтты
- автор kyn.kz
- 29 қараша, 2022
- 311
Белгілі диджей Иманбек Зәйкенов киімдерінің қанша тұратынын айтып жұртты аузына қаратты, деп хабарлайды KYN.KZ.
Қара түсті қарапайым ғана киінген Иманбектің киімдерінің құны бірнеше миллион теңгені құрады. Оның айтуынша, Acne Studios кроссовкаларының өзі шамамен 307 мың теңге.
«Кеше шалбар сатып алдым 192 мың теңгеге. Vetements жемпірі – 546 000 теңге, Emporio Armani күртесі – 270 мың теңге. Сөмкені Қазақстаннан (Louis Vuitton) алдым. Теңгеге шаққандағы құны 1 200 000 болды. Сағатым – 1,5 миллион теңге, ал кейбір жерлерде ол 2 310 000», - деді жалпы құны 4 825 000, яғни 5 миллиондық киім киіп тұрған диджей.