Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты, танымал әнші Нұрғали Нүсіпжанов ауруханаға түсті. Бұл жайлы шоу-бизнес өкілі Жігер Ауыпбаев әлеуметтік желіде хабарлады, деп жазды KYN.KZ сайты.
«Нұрғиса Тілендиев пен Шәмші Қалдаяқовтай аңыз тұлғалардың көзін көріп, шығармашылық байланыс жасаған қазақ шоу-бизнесінің мэрі Нұрғали Нүсіпжанов ағамыз сырқаттанып, ауруханада жатыр екен. Алла шипа берсін, Нұр аға! Жазылып кетіңіз! Сіздің сахнаға шыққаныңызды қаншама халқыңыз күтіп отыр. Қаншама өнердегі іні-қарындастарыңыз саулығыңызды тілеп, жазылып шыққаныңызды күтіп отыр! Ауырмаңыз! 100 жасаңыз! Сіз қазаққа керексіз», – деп лебізін білдіріп, амандығын тіледі әнші.