Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Екібастұзда 17 көпқабатты үйге әлі жылу берілмеді

Екібастұзда 17 көпқабатты үйге әлі жылу берілмеді
ашық дереккөз
Мұз басқан үйін тастай қашқан тұрғындар жақы аудандар мен Павлодарға туыстарына кеткен
Екібастұзда көппәтерлі үйлер мен жер үйлерге біртіндеп жылу беріліп жатыр, деп хабарлайды Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі.
1 желтоқсандағы жағдай бойынша ЖЭО-да алты қазандық жұмыс істейді, тағы төрт қазандық резервте тұр. 132 көпқабатты үйге, 114 жер үйге және 13 әлеуметтік нысанға жылу берілді. Ал 17 көппәтерлі тұрғын үй әлі орталықтандырылған жылуға қосылған жоқ.
Кеше түнде электр желілеріне шамадан тыс жүктеме түсуіне байланысты қаладағы шағын аудандардың бірінде сегіз көпқабатты үй апатты жағдайда электр энергиясынан ажыратылды. Кейін электр энергиясы қалпына келтірілді, тұрғындар жылыту пунктеріне көшірілген жоқ.
Бұған дейін хабарланғандай, азаматтарды қабылдау мен жылыну үшін 14 уақытша орналасу пункті, 387 төсек-орын және 1540 отыратын орын ұйымдастырылды. Апатты-қалпына келтіру жұмыстарына барлығы 256 адам және 43 техника жұмылдырылды.
Еске салсақ, 27 қарашаға қараған түні Екібастұз 30 градус аязда жылусыз және ыстық сусыз қалды. Қалада жергілікті ауқымда техногендік сипаттағы ТЖ режимі жарияланды.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар