“Отырған қыз – орнын табады”. Алғашқы кезде сізді солай жұбатады. Ал, уақыт өте келе: “Таңдаған тазға жолығады” деп айыптайды. Енді бірі кәрі қыздың бәрінің сылтауы мен себебі бірдей деп сынайды. Ал, ол себептер қандай? Comode сілтеме жасай отырып KYN.KZ толығырақ зерттеу жүргізді.
Қорқыныш
Махаббатта фобияға жол жоқ. Бірақ, біздің қоғамда өмір бойы жалғыз қалудан қорқатын бикештер мен ханымдар аз емес. Олардың басым бөлігі 30-дан асса да тұрақты қатынас құрмаған, ажырасқан, баласына қамқор жалғызбасты және т.б. жандар. Тіпті, махаббатты жоққа шығарып, құлай сүюге сенбейтіндер де көп. Мұндай пікір әйел бақытының басты жауы екенін кейбірі тіпті, мойындамайды. Жалғыздықтан қорқып, күйзеліске түсу – жаныңыздағы жүрегіңіздің жартысын жоғалту. Бұл қорқыныш түріне берілгеніңізді өзіңіз де сезбеуіңіз мүмкін. Бірақ, сізбен танысып, қарым-қатынасты бастаған жігіттің санасы тез байқайды. Нәтижесінде сәтті таныстық пен әдемі екі-үш кездесудің нәтижесі мәнсіз аяқталады. Өйткені, сіздің жалғыздықтан қорқып, өзіңізді бір шеңберге салып, тұйықтыққа тірелуіңіз еркектердің сізге де қызығушылығын жоғалтады. Үнемі көңілді жүретін, өміріне риза, ашық, әзілкеш, тәуелсіз әйелдер – кез-келген еркектің арманы.Сенімсіздік
Әр адамның өмірінде қателік, шалыс қадам, ақымақтық болады. Мұндай сәтсіздіктер – өзіңізге деген сенімсіздікті тудыруы мүмкін. Бірақ, өзіңізге деген сенімсіздік махаббат хикаясына кедергі болатынын ұмытпаңыз. Өзіне сенімсіз қыздарды көргенде сымбатты әрі батыл жігіттер қашып кетеді. “Өзін жақсы көрмеген адамды – өзге де сыйламайды”, - деген психологтардың пікірінің түп-төркіні осы. Әрине, айту – оңай, амал ету – қиын. Алайда, ертеңгі бақытыңыз үшін өткен өмірдің өкініштерін өрттеп, ойыңызды, жүрегіңізді, санаңызды сенімсіздік пен кемшіліктен арылту керек.Еркекшоралық
Бұл да 30-ға дейін отбасын құрмаған арулардың басты кемшілігі. Кез-келген азамат биязы арудың қолын ұстап, құшақтағысы келеді. Ал, ортамен еркекшора секілді араласу: айқайлау, дауласу, боқтық сөздер мен орынсыз жағаласу өзіне қаншама сенімді еркектің болса да көңіліне күдік пен кірбің салады.Нәзіктікті жасыру
Нәзіктікті жасыру, яғни өзіңізді сексуалды көрсете алмау да басты кемшіліктердің бірі. Шаршаңқы жанар, күтімсіз жүз, жүдеу түр, мәнсіз әңгіме – кәрі қыздардың басты себептері. Күйзеліс пен мұңда жүрген әйел ешқашан өзінің нәзіктігін, жұмсақтығы мен әйелдік биязылығын ашық көрсете алмайды. Ал, еркектер көзбен сұлулықты сүйеді. Міндетті түрде би үйірмесіне жазылу шарт емес. Тек киім сөресіндегі ең әдемі әрі сексуалды көйлектеріңізді киіп жүруге тырысыңыз.Еркектерше ойлау
Кейде ер адамдар секілді ойлайтын әйелдерді де кездестіруге болады. Бұл мінез - кәрі қыз бен жалғыздықтың басты себебі. Сіз жұмыста беделді, материалды жағдайыңыз жоғары, сенімді әрі мықты болған кезде санаңызда «еркектен де мықтымын» деген рух пайда болады. Бұл сезімдер сіздің есіңізге тәуелді болудың кемшілігін жиі салып тұрмақ. Дәл қазір айы оңынан туған ісіңізден бас тартып, асхананың ханшайымы болу шарт емес. Бірақ, барлығын өзіңіз жасай алсаңыз сізді жетелейтін еркек неге керек? Әйел үнемі өзінің әлсіздігін сезініп және сезіндіріп қойса нұр үстіне нұр болады.Тұқымқуалаушылықтан қорқу
“Анамда жалғызбасты, әжем де жалғыз қалған. Әпкемнің де, тәтемнің де тағдыры ұқсас”, - деп қайғыға батудың қажеті жоқ. Әркімнің маңдайына жазылған тағдыры болады. Бәлкім, құр сәйкестік шығар. Ал, мүмкін тәрбие болар?! Оны әр қыздың өз іші біледі. Ең бастысы, әулеттегі нәзік жандылардың тағдырын қайталауға емес, өзіңіздің сара жолыңызды қалыптастыруға асығыңыз. Анық армандаңыз, толық сеніңіз. “Менің махаббатта жолым болып, керемет отбасын құрамын”, - деген сөздермен әр таңда оянып, әр кеште ұйқыға жатыңыз.Шекараны анықтамау
Махаббат шекарасын емес, кәсіптегі шеңберіңізді дұрыс есептемеуде қателік. Мансапты қуып, жұмысына тұрмысқа шыққан арудың расында жеке өміріне уақыты қалмасы анық. Жалғыз бұл емес, кездесуге келген кезде жұмысқа қатысты жарыса сөйлесу да бақытыңызды тепкенмен тең. Себебі, еркектерге күнделікті өмірде бәсекелестік, бақталастық пен жауласу жеткілікті. Сүйіктісінің қасынан тыныштық іздеп келген еркекке тағы бір бәсекелестің қажеті жоқ. Әр әйел - еркек үшін тыныш пен ләззат сыйлайтын жұмбақ мекені.Бөтен тағдыр
Өзіңізді толық танып білмейінше қажеттіліктеріңізді анықтау қиын болмақ. Жаныңыздағы жартыңыз қандай болуы керек? Бұл сұрақтың нақты жауабын анықтап алмаған әйел “иә” деген жауапты орынсыз жерде бөгде адамға айтып, үнемі қателесетін болады. Ерінбей алтындай уақытыңызды жұмсап қиялыңыздағы азаматты елестетіп, мұқият сызып алыңыз.Идеал
Әрине, қуыршақпен ойнаған қыздың да қиялында ақбоз атты ханзадасы болады. Тек сол ханзадаға көп қабылет пен қасиетті жүктеп қоймасаңыз болғаны... Сіздей ханшайымға мұндай қарапайым жігіт лайықты емес. Мұндай пікірді көптеген көркіне көз тоймайтын өзіне сенімді арулар ойлайды. Сөзсіз, тұжырымдары дұрыс. Өзіне сенімді ару ойындағы идеалын іздейді. Тек, ұзақ таңдап, тазға жолығудан абай болыңыз. Келесі мақала